Дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазан –

Тереңкөл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау

 

Құрметті сайлаушылар!

 

№ 292 учаскелік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 26 қазанда

сағат 07: 00-ден 20:00-ге дейін

Сіздерді Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының № 3

 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың

орнына сайлауында келесі мекенжай бойынша дауыс беруге

қатысуға шақырады:

Сайлау учаскесі

Мекенжай

Телефон

№ 292

Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 115

(«Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беру мектебі» КММ ғимараты)

8(71833) 23492

 

Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.

Білуіңіз қажет!

Азаматтар сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізінде енгізіледі. Өзіңізді сайлаушылар тізімдерінен 2025 жылғы 10 қазанынан бастап учаскелік сайлау комиссиясында тексере аласыз.

Егер денсаулық жағдайыңызға немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге байланысты Сіз дауыс беру үшін өзіңіз тізіміне енгізілген учаскеге келе алмасаңыз, онда 26 қазанда сағат 12.00-ден кешіктірмей, жазбаша өтініш беруіңіз қажет, сосын учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады.

 

Құрметпен, 

Тереңкөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 октября 2025