Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 1 қазандағы № 51 шешімімен 2025 жылғы 28 қыркүйекте сайланған Смағұлов Дамир Рашидұлы Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы