2025 жылғы 28 қыркүйекте өткен Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 28 қыркүйекте өткен Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

хабарлама

 

2025 жылғы 28 қыркүйекте Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.

 

Сайлаушылар тізіміне 441 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 266 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 18 адам қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Калиновка ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Әубәкіров Ренат Бейсенұлы үшін сайлаушылардың 51 дауысы берілді,

Мусаев Енур Мохуббат-Оглы үшін сайлаушылардың 41 дауысы берілді,

Смағұлов Дамир Рашидұлы үшін сайлаушылардың 155 дауысы берілді,

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 15.

Сайлау қорытындысы бойынша Калиновка ауылдық округінің әкімі болып Смағұлов Дамир Рашидұлы сайланды, 1994 жылы туған, «Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкімнің орынбасары, Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының тұрғыны.

 

           

 Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
29 сентября 2025