Тереңкөл ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту болып табылады.
Шешім жобасы 2020 жылғы 11 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.