Тереңкөл аудандық мәслихатының «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тереңкөл ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешім жобасына баспасөз релизі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардыдамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Осы жоба ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5401197

Дата публикации
10 ноября 2020