Тереңкөл ауданы әкімдігінің «2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 475 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты 2021 жылға арналған Тереңкөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту болып табылады.
Қаулы жобасы 2020 жылғы 11 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.