2025 жылғы 29 маусымда Тереңкөл ауданының Әулиеағаш, Жаңабет, Томарлы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өтті.
Әулиеағаш ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 397 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 227 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 1 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Әулиеағаш ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ахметова Жанат Тохтаровна үшін сайлаушылардың 25 дауысы берілді,
Жаркина Оксана Васильевна үшін сайлаушылардың 147 дауысы берілді,
Наливайко Дмитрий Иванович үшін сайлаушылардың 35 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 17.
Сайлау қорытындысы бойынша Әулиеағаш ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Жаркина Оксана Васильевна, 1970 жылы туған, Тереңкөл ауданы Әулиеағаш ауылдық округінің әкімі, Әулиеағаш ауылының тұрғыны.
Жаңабет ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 646 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 375 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 6 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Жаңабет ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Аяганов Абылай Агланович үшін сайлаушылардың 44 дауысы берілді,
Бахтияров Серик Султанович үшін сайлаушылардың 257 дауысы берілді,
Кабитова Жулдыз Сакеновна үшін сайлаушылардың 42 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 30.
Сайлау қорытындысы бойынша Жаңабет ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Бахтияров Серик Султанович, 1971 жылы туған, «Павлодар облыстық ветеринария басқармасы ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ветеринариялық санитары, Жаңабет ауылының тұрғыны.
Томарлы ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 606 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 366 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 5 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Томарлы ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Куставлетов Ерик Баянович үшін сайлаушылардың 261 дауысы берілді,
Муханов Азамат Ануарбекович үшін сайлаушылардың 59 дауысы берілді,
Шаханов Серик Темирханович үшін сайлаушылардың 44 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 2.
Сайлау қорытындысы бойынша Томарлы ауылдық округінің әкімі болып сайланды:
Куставлетов Ерик Баянович, 1968 жылы туған, Тереңкөл ауданы Томарлы ауылдық округінің әкімі, Томарлы ауылының тұрғыны.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы