Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Әулиеағаш, Жаңабет, Томарлы ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 3 маусымда сағат 18.00-де Тереңкөл ауданы Әулиеағаш, Жаңабет, Томарлы ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Әулиеағаш ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Жаңабет ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Томарлы ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы