2025 жылғы 15 сәуір сағат 18.00-де Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен ұсынылды, 2 (66,7%) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 20 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы