Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 15 сәуірден (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс (эл.пошта:tic_pav_ter@saylau.kz,мекенжайы: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 238, 1 кабинет).
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы