Павлодар облысы Тереңкөл ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы аумағының шекарасында Павлодар облысы Тереңкөл ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
2. Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.


Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

 

Е. Мартыненко

Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы

А. Әріпбаева

 

Дата публикации
26 октября 2020