Павлодар облысы Тереңкөл ауданы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Павлодар облысы Тереңкөл аудан мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Аудан әкімі РМБ-мен «Тереңкөл ауданының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» бірге мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
3. Осы қаулы Тереңкөл ауданының әкімат сайтында орналастырылсын.


Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

 

Е. Мартыненко

Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы

А. Әріпбаева

 

Дата публикации
26 октября 2020