Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8–бабы 2–тармағы 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толтырылу нормасы, арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, шерулердің жүріп өту маршруты осы шешімінің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес пикеттеу өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың шекаралары белгіленсін.
3 Осы шешімінің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Тереңкөл аудандық
мәслихат хатшысы С. Баяндинов
1 қосымша
Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толтырылу нормалары, шерулердің жүріп өту маршрутын, арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында бейбіт жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін осы арнайы орын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толтырылу нормасы, арнайы орының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт, қарусыз жиналу, жиналыстар, митингілер және демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Тереңкөл ауылында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын және оның шекті толтырылу нормасы:
|
№ р/р |
Арнайы орын
|
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
Шекті толтырылу нормасы |
|
1. 1. |
Тереңкөл ауылының Елгин көшесі бойынша жағажай алаңы |
Бар: - жасанды жарықтандыру; - электр энергиясын қосуға арналған нүкте; - 10 көлікке тұрақ орны (1 кіру және шығу орындары) |
50 адам |
3. Тереңкөл ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (өтінішті) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларының айырым белгісі;
2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;
3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану;
4) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;
5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
4. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушы және оның қатысушылары:
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орынның аумағында болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды;
4) ұйымдастырушылар бейбіт жиналыстар ұйымдастырушысының айырым белгісін тағады.
5. Шерулердің жүріп өту маршруты
|
№ р/р |
Елді мекеннің атауы |
Жүріп өту маршруты |
|
1. 1 |
Тереңкөл ауылы |
Тереңкөл ауылының Елгин көшесі жағажай алаңы |
2 қосымша
Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында келесі нысандардың маңындағы аумағынан 150 метрден кем қашықтықта пикеттеу өткізуге тыйым салынады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, магистральдық байланыс желілері, ұлттық электр желісі және оларға іргелес жатқан аумақтар.
2. Мыналарға жол беріледі:
1) тек бір азаматтың ғана және статикалық түрде (қозғалыссыз) өткізуі;
2) плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалану;
3) дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардан басқа) күніне екі сағаттан аспайтындай пикеттеу.
3. Мыналарға жол берілмейді:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге;
2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға.