Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі Осьмерыжск ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі әкімі
шешімінің жобасы


Береговое ауылы № 2020 жылғы «__» _________

Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі Осьмерыжск ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Береговое ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Береговое ауылдық округі Осьмерыжск ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Береговое ауылдық
округі әкімі

Р. Құланбаев

 

 

Дата публикации
16 октября 2020