Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жайылым айналымдар схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Н.А. Мақашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Әйткенов