Тереңкөл ауданы «Мерейлі отбасы»
байқауының қорытындысын шығару бойынша
конкурстық комиссия отырысының
хаттамасы
16.06.2023 ж
Төрағасы: Р. Ыбыраева
Қатысқандар: Қ.Р. Алтаев, С.Н. Ахметова, Б.Ж. Бектасова, Ж.Қ. Біләлова, И.О. Джумалинова, М.О. Жакупова, А.Ә. Муханов, Л.Н. Шленчак
Күн тәртібі:
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысын шығару туралы.
1.1. Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Р. Алтаевты тыңдадық.
Ол қатысушыларды «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізудің негізгі қағидаларымен таныстырды. Тереңкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 27 ө өкіміне сәйкес Тереңкөл ауданында 2023 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында «Мерейлі отбасы» байқауы өткізілді. Әлеуметтік желілерде және аудандық газеттерде ұлттық конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды.
Конкурсқа қатысуға үш өтінім келіп түсті (Песчан ауылдық округінен-Увалиевтар отбасы, Темиргалиевтар отбасы және Верненка ауылдық округінен - Қайниденовтар отбасы)
Үміткерлер құжаттардың толық пакетін ұсынды. Әрбір отбасы белгілі бір құжаттар тізбесінен басқа конкурстық комиссияға қосымша материалдар ұсынуға құқылы болды. Барлық құжаттарды қарап, комиссия ШЕШТІ:
«Мерейлі отбасы» Ұлттықконкурсының облыстық кезеңіне екі отбасы жолданды. Кайниденовтар отбасы және Увалиевтар отбасы.
Қазылар алқасының мүшелері:
Комиссия төрағасы
Р. Ыбыраева
Төраға орынбасары
Қ. Алтаев
Тереңкөл ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
С. Ахметова
«Тереңкөл ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Бектасова
«Павлодар облысы білім басқармасының Тереңкөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша)
Ж. Билялова
2022 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаты (келісім бойынша) И. Джумалинова
Тереңкөл ауданы әкімдігінің, тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «ALDASPAN жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік меккемесінің директоры
М. Жакупова
«Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Муханов
славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша) Л. Шленчак