Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 шілдедегі «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінде қауымдық сервитут орнату туралы» № 40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тереңкөл ауылдық округі әкімінің шешім жобасы
Тереңкөл ауылы №___ 2020 жылғы «__ »_____

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 шілдедегі «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінде қауымдық сервитут орнату туралы» № 40 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6469 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріннің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында және 1 тармағында «орнату», «орнатылсын» деген сөздер тиісінше «белгілеу», «белгіленсін» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Тереңкөл ауылдық округінің әкімі                            А. Маңғұтов

 

Тереңкөл ауданы Тереңкөл
ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы «____» __________
№ ____ шешіміне
қосымша

 

Р/с

№

Пайдаланушы

Ауданы, гектар

Ұзындығы, метрмен

Нысаналы

мақсаты

Пайдалану

мерзімі

(жыл)

Жер телімінің орналасқан

жері

1

«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамының филиалы – Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы

0,74

1850

Талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату және пайдалану үшін

2

Тереңкөл ауылдық округі

Дата публикации
26 июня 2020