Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 2/49 «Тереңкөл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жобасы (бұдан әрі – шешімі жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Шешімі жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданы мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.
Шешімі жобасы 2021 жылғы 1 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.