«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:
1) Байқоныс ауылдық округінің әкімі - Байқоныс ауылдық округінің шекарасындағы Байқоныс сайлау округі;
2) Воскресенка ауылдық округі әкімі – Воскресенка ауылдық округінің шекарасындағы Воскресенка сайлау округі;
3) Федоровка ауылдық округі әкімі – Федоровка ауылдық округінің шекарасындағы Федоровка сайлау округі;
4) Бобровка ауылдық округінің әкімі – Бобровка ауылдық округінің шекарасындағы Бобровка сайлау округі.
2. Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімі сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Тереңкөл тынысы», «Заря» газеттерінде жариялансын.
Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е. Мартыненко
Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы
А. Арипбаева