Тереңкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 5/5 шешім жобасы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Тереңкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 5/5 шешіміне өзгерістер енгізу.
Шешім жобасы 2021 жылғы 31 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.