Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылы аудан халқына есеп беру кездесулерінде айтылған азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру бойынша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылы аудан халқына есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулері мен ұсыныстарының орындалуын ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімі аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.1Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылы аудан халқына есеп беру кездесулерінде айтылған азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар (бұдан әрі – іс-шаралар) осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2.1Ауылдық округтер әкімдері, жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары (келісім бойынша) іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын ұйымдастыру бойынша шаралар қолдансын.
3.1«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
іс-шаралардың орындалу барысының мониторингін қамтамасыз етсін;
аудан тұрғындарын іс-шаралардың орындалу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тоқсан сайын хабардар етсін.
4.1Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Д. Рамазановқа жүктелсін.

 

Аудан әкімі С. Батырғожинов

 

Дата публикации
11 февраля 2021