Тереңкөл ауданы мәслихатының «Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешімі жобасынапресс-релиз

Тереңкөл ауданы мәслихатының «Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы»шешім жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіншілігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу болып табылады.
Шешім жобасы 2021 жылғы 18 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.

 

Дата публикации
19 февраля 2021