Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 3/57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы «Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 3/57 шешіміне өзгерістер енгізу.
Шешім жобасы 2021 жылғы 15 ақпаннан ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған, https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2587006&type=2.