Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Тереңкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Тереңкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту болып табылады.
Қаулы жобасы 2021 жылғы 1 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6681500.