Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8–бабы 2–тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы Аты-жөні

 

Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы «___» ___________№ ___ шешіміне 1- қосымша


Тереңкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1. Тереңкөл ауданында жиналыс, митинг, пикеттеу нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Елгин көшесі бойынша орналасқан Жағажай алаңында. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам;
2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:
Елгин көшесі (Тәуелсіздік көшесі, Панфилов тұйық көшесі, Елгин көшелерінің бойымен Жағажайға дейін ). Шекті толу нормасы - екі жүз елу адам;
3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:
1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.
4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

1) көше жарықтандыруының болуы;
2) бейнебақылау камераларының болуы;

3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

 


Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2021 жылғы «___» ___________№ ___ шешіміне 2- қосымша


Тереңкөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 400 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

 

 

 

Дата публикации
05 января 2021