Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 шілдедегі «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінде қауымдық сервитут орнату туралы» № 40 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6469 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінде қауымдық сервитут белгілеу туралы»;
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округінде жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.»;
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауылдық округінің әкімі А. Маңғұтов
|
|
Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы «____» __________ № ____ шешіміне қосымша |
|
Р/с № |
Пайдаланушы |
Ауданы, гектар |
Ұзындығы, метрмен |
Нысаналы мақсаты |
Пайдалану мерзімі (жыл) |
Жер телімінің орналасқан жері |
|
1 |
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамының филиалы – Телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы |
0,74 |
1850 |
Талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату және пайдалану үшін |
2 |
Тереңкөл ауылдық округі |