«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тереңкөл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қаулы Тереңкөл аудандық мәслихатқа жіберілсін.
3. Осы қаулы Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Комиссияның төрағасы Д. Ибраева
Комиссияның хатшысы Г. Жусупова