«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар округтік және учаскелік сайлау комиссияларына Тереңкөл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлауын өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы Д. Ибраева
Комиссия хатшысы Г. Жусупова