Құрметті Тереңкөл ауданының тұрғындары 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді
Сіздердің назарларыңызға сайлаушылардың тізімдері азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер негізінде жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) жасалатынын жеткіземіз.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ, сондай-ақ дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс жерде болатын азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (23 шілдені қоса алғанда) Тереңкөл ауданы әкімінің аппаратына мына мекенжай бойынша өтініш беруі қажет: Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172, 210-кабинет.
Осы құқықты:
Сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының Call-орталығына 8 (71833) 22-517 телефоны арқылы хабарласып немесе WhatsApp: +7 778 179 5264 нөміріне өз деректеріңізді жолдау арқылы тексере аласыз.
Call-орталықтың жұмыс кестесі:
Тереңкөл ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!