Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Тереңкөл ауданы әкімдігі қаулысының
жобасы


Тереңкөл ауылы № _____ 2020 жылғы «___»__________

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңыңың 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік санымен:
жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде - елуден жүз адамға дейін;
жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде - жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін;
жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде - екі жүз елу бір адамнан астам жұмыскерлер тізімі бар ұйымдарға осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі «Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 120/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Е. Әйткенов

 

Тереңкөл ауданы әкімдігінің

2020 жылғы «___» ___________

№ ________ қаулысына

қосымша

 

Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының  квотасы

р/с №

 

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тереңкөл аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

262

4

10

2

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының

 «Тереңкөл ауданының

аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

59

2

1

3

«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауылының

 «Талбесік» бөбекжайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

124

3

3

4

«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының  А.Н. Ёлгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

91

2

1

5

«Тереңкөл ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

86

2

1

6

«Тереңкөл ауданының

Песчан № 2 жалпы орта білім беру  мектебі» мемлекеттік мекемесі

69

2

1

7

«Тереңкөл ауданы әкімдігінің, Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің Оқушылар үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

59

2

1

8

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

1

 

Дата публикации
10 декабря 2020