Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Байқоныс, Октябрь ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 21 сәуірде сағат 18.00-де Тереңкөл ауданы Байқоныс, Октябрь ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Байқоныс ауылдық округі бойынша:

Барлығы  3 кандидат, оның ішінде 3 (100%) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік – 3 адам. 

Октябрь ауылдық округі бойынша:

 Барлығы  4 кандидат, оның ішінде 1 (25 %) – саяси партиясымен, 3 (75%) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік – 4 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 26 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Тереңкөл аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 апреля 2026