Акимат района Тереңкөл

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЖСК туралы ереже

Тереңкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 7 тамыздағы № 30/1

қаулысымен бекітілген

 

Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - АСК) жанындағы сайлау процесіне қатысушылардың жас азаматтарының еркін бірлестігі болып табылады.

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

  1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
  2. Клубтың Ережесі АСК қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;

2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;

3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

  1. Клубқа жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады (келісім бойынша).
  2. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  3. Клуб қатысушылары құқылы:

1) АСК Төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;

2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
  2. Клубтың отырыстарын АСК Төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
  3. Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жұмыс органы АСК болып табылады.
  4. Жұмыс органы:

1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;

3) Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар АСК қаулысымен енгізіледі.
  2. Клуб қызметі АСК Төрағасының шешімімен тоқтатылады.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы