Акимат района Тереңкөл

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік және жергілікті басқару

«Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі-Аппарат) мемлекеттік орган және заңды тұлға болып табылады. Өзінің мөрі және мемлекеттік тілдегі атауымен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес банкте шоты бар.
Аппарат аудан әкімінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық, кадрлық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асырады.
Аппарат қызметінің құқықтық негізін Конституция, Қазақстан Республикасының Заңдары, әкімдіктердің, облыс және аудан әкімдерінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Аппараттың құрылтайшысы аудан әкімі тұлғасында мемлекет болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар аудан әкімінің Аппарат құрылу жөніндегі шешімі болып табылады.
Аппарат жөніндегі ережелер, оның құрылымы және штаттық саны Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген лимиттер шегінде аудан әкімімен бекітіледі.
Аппарат белгіленген заңнамалар тәртібінде оның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады.

Аппарат қызметінің негізгі мәні:

  1. аудан әкіміне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша оның қызметтерін қамтамасыз ету;
  2. қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, экономикалық даму, қазақстандық патриотизм конституциялық принциптерін іске асыруда, аймақтағы маңызды мәселелерді демократиялық әдіспен шешуде көмек көрсету;
  3. ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқылауға қатысу, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық реформалардың механизмдері мен тәсілдерін жетілдіруді жүзеге асыру;
  4. орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынас;
  5. аймақтағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру.

Аппарат ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық дайындықты және аудан әкімдігі отырыстарының, іс-шаралардың, кеңестердің, аудан әкімінің қатысуымен өткен семинарлардың өтілуін, аудан әкімінің селолық округтарға шығуын, аудан әкіміінң нормо шығармашылық қызметтерін қамтамасыз етеді.     
Мәслихатпен бекітілетін аудандық бағдарламалардың орындалуын бақылауға және әзірленімдеріне қатысады, аудан әкімінің аудандық мәслихатқа қатысты өкілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аудан әкіміне мемлекеттік наградалармен марапаттау, аудан әкімімен ынталандыру және құрметті атақ беруде тікелей әкімге және аудан әкімдігіне бағынатын мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдарға қатысты аудан әкімінің өкілеттілігін қамтамасыз етеді.
Аппарат аймақтық саясат саласында аудан әкімінің өкілеттілігін іске асырады, аудан әкімі қызметінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Кадрлық саясатта және мемлекеттік қызмет саласында аудан әкімінің курсын өткізуді қамтамасыз етеді, аудан әкімінің қызметтеріндегі құжаттамалық қамтамасыз етуді, сараптауды жүзеге асырады және қажетті жағдайларда ведомствалармен және атқарушы органдармен әзірленген аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілер жобаларын жетілдіреді (пысықтайды).
Мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан белгіленген заңнамалар тәртібінде құжаттар, басқада материалдар, қажетті ақпараттарды алуға және сұрауға құқылы.
Аппараттың тапсырмалары мен сұрауларына лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар үшін міндетті болып табылатын қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды  ұсыну бойынша, жауап заңнамалармен белгіленген мерзімде беріледі.
Аппараттың құрылымын оның бөлімшелері құрады. Аппараттың құрамына: аппарат басшысы, аппараттың бөлім басшылары, аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, басқа да мемлекеттік қызметшілер енеді.
Аппаратқа аппарат басшысы басшылық жасап, лауазымға аудан әкімімен тағайындалып, босатылады және оның тікелей басшылығымен жұмыс жасайды.

Документы
Тізбе
27 августа 2024
«Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы тамыз айындағы Тереңкөл ауданының денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі
Бюджет
18 августа 2022
«Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
”2022-2024 жылдарға арналған Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі“ мемлекеттік мекемесінің Азаматтық бюджеті (2022 жылғы 18 тамыздағы нақтылау)
Есеп
11 февраля 2022
«Тереңкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Аудиторский отчет
Новости
Полезные материалы
Тереңкөл ауданының қоғамдық медиаторлар тізімі
«Мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудегі әдеп нормалары» мақаласы
Тереңкөл ауданының кәсіби емес медиаторлар тізімі (2021 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша)
Медиагалерея
10
Е-натиже
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Аудан әкімінің заң қызметі бөлімі
Құжаттамамалық қамтамасыз ету бөлімі
Тереңкөл ауданы персоналды басқару қызметі бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы