
Спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін, халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округте 4 спорт ғимараты, оның ішінде: мектептер жанындағы 2 спорт залы, көше тренажерлері, шағын футбол алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ үстел теннисіне арналған зал бар. Ауылдық округте халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастырумен спорт бойынша нұсқаушы айналысады,кестеге сәйкес волейбол, баскетбол, финтес бойынша спорт секциялары өткізіледі.