Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Тереңкөл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
Ғимаратта жалпыға бірдей танысу үшін қолжетімді жерде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні орналастырылған, Әдеп жөніндегі уәкілдің Сенім телефондары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жәшігі көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің көрінуіне жол бермеу мақсатында мекеме ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараты бар стенд бар.
Ықтимал жағдайлардың, мүдделер қақтығысының туындауының алдын алу мақсатында мемлекеттік мекемеде мүдделер қақтығысының мәнін, оны реттеу тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шараларын түсіндіруге бағытталған мемлекеттік қызметшілермен консультациялық жұмыс жүргізіледі.
Ауылдық округ үшін жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бойынша бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға сәйкес электрондық веб-порталда жарияланатын Мемлекеттік сатып алудың жылдық Жоспары бекітілді.
Мемлекеттік мекеме белгіленген тыйымдар мен шектеулерді сақтамау жағдайларын анықтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізеді.

Дата публикации
01 февраля 2024
Дата обновления
01 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 февраля 2024
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс
Ақпарат
01 февраля 2024
құқық бұзушылықтың алдын алу
01 февраля 2024
Абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) кез келген елді мекен өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар тұрғындардың жайлылығы мен әл-ауқатының деңгейіне, сондай-ақ қаланың немесе ауылдың жалпы атмосферасы мен экологиясына тікелей әсер етеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы