«Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің
2025 жылғы 12 айға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
жұмысы туралы есебі
1.Жалпы ережелер
«Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою»;
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
2025 жылдың кезеңінде әкім аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2 «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу» мемлекеттік қызметі, 3 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі.
«Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті ережелері орналастырылған.
Тұрақты негізде мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жүзеге асырылады, тоқсан сайын аудан әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша «Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмысы туралы есеп жіберіледі.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында аудандық «Заря» газетінде «Instagram» әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы халықты хабардар ететін мақалалар үнемі жарияланып тұрады.
2025 жылдың 12 айында 2 мақала, оның ішінде аудандық газетте - 2 мақала, әлеуметтік желілерде -1 мақала жарияланды.
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, «Электрондық үкімет» порталын және оның сервистерін танымал ету үшін есепті кезеңде 202 адамды қамти отырып, 16 түсіндіру іс – шарасы өткізілді.
Мемлекеттік мекеме пандуспен жабдықталған ғимаратта орналасқан, Мүгедектерге арналған персоналды шақыру түймесі бар. Осылайша, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақталды (5-баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті).
2025 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі Томарлы ауылдық округі әкімінің тұрақты бақылауында.
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілікті арттыру семинарларының кестесіне сәйкес, 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Адамдар ең алдымен: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру бойынша семинардан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А. М. Фелькер өтті.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тармағын орындау мақсатында 2025 жылғы 12 айдағы «Томарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы есептерді жария талқылау жүргізілді.
Томарлы ауылдық округінің әкімі Е. Құставлетов