Тереңкөл ауылдық округінің 2024 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүмысы туралы
ЕСЕБІ
І. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар жэне аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сэйкес «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
2024 жылдың 12 айында Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен жеке тұлғаға – (58), заңды тұлғаларға – (12) барлығы 70 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз түрінде11 мемлекеттік қызмет. 2 мемлекеттік қызмет кері қайтарылды.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті жерде стендтерде орналастырылған.
Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпараттар берілді.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді элеуметтік қорғау туралы" Заңның 25-бабының 3-тармағына сэйкес мүгедектердің қүқықтарын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бірінші кезектегі қызмет көрсету қамтамасыз етілді, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус көзделген. «Электрондық үкімет» порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, бұрыш қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады.
Инстаграм желісінде брошюраларды тарату және бейнероликтерді жариялау арқылы халық арасында электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оқыту семинарлары да өткізілуде.
2024 жылдың 12 айында Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты 207 адамды қамтыған 7 түсіндіру іс-шарасын жүргізді.
мемлекеттік қызметтер
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау мақсатында 2024 жылдың 12 айында Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылдық округінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысы туралы есептерді жария талқылау жүргізілді.
2024 жылдың 12 айында қағаз нүсқада белгіленген мерзімдерді бүза отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жэне электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден 2 бас тарту тіркелген.
Округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппараты мамандарының тұрақты бақылауында.
2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бүзылуына жол бермеу, «электрондық үкімет»порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын үлғайту жөніндегі жүмыс жалғастырылатын болады.