«Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің келесі түрлері көрсетіледі: «Сауда саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде, не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Көрсетілетін қызметті беруші «Сауда саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметті екі кезеңде көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету заңдылық, объективтілік, бейтараптық, шынайылық, жан-жақтылық және ашықтық қағидаттарына негізделеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында әкім аппаратының ғимаратында ақпараттық стенд бар, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, сондай-ақ оларды көрсету тәртібі мен мерзімдері орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті алушының тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметтер тегін, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру негізгі бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу өте ыңғайлы, өйткені өтінішті үйден шықпай-ақ ЭЦҚ арқылы беруге болады.
Әкімдік ғимаратында тұрғындар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір тұрғын өз бетінше немесе мамандарға жүгінеді, ЭЦҚ немесе бір реттік смс-пароль арқылы «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет ала алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі тұрақты бақылауда.