
Песчан ауылында Мәдениет үйі және Қарасуық ауылында ауылдық клуб жұмыс істейді. Мәдениет үйінің ғимаратында ауылдық кітапхана орналасқан. Кітапхана жанынан коворкинг орталығы ашылды. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында мәдениет үйінде балаларды фортепианода ойнауға үйрететін музыкалық мектеп, "Шебер" қолөнер клубтық бірлестігі, "Теремок" театр үйірмесі, "Інжу"би студиясы жұмыс істейді. Мәдениет үйінде "таң", "Станица" вокалдық тобы, "Домисолька" вокалдық балалар тобы, "Эллегия" дуэті, "Ақмаржан"вокалдық тобы сияқты шығармашылық ұжымдар бар. Қарасуық ауылында "Аққу" би үйірмесі, "Почемучка" клубы жұмыс істейді.