GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
16 февраля 2024
Хабарландыру

Павлодар облысының кадрлық комиссиясы Павлодар облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
  • құжаттардытапсырусәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімі болуы;
  • үшжылдан кем емесеңбекөтіліболуы тиіс.

 

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2024 жылғы                              1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: pavlodar@onir.pkrezerv.gov.kz, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы,                 5 а, 4 қабат, 410 кабинет.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн-платформада(onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында pavlodar.onir.rezerv.kz және келесі телефоны арқылы: 8 (7182) 20-83-35 алуға болады.

16 февраля 2024
Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады️

Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Мегаполистер мен бірқатар облыстар 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты 1 сағатқа кейін шегеруі керек. «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуін қолдану белгіленеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылатын болады», – делінген сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында.

Өзгерістерге сәйкес Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1наурызға қараған түні (00:00-де) жергілікті тұрғындарға уақытты 1 сағатқа кейін шегеруі керек. Қаулы ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы