«Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру». Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларымен «Әділет» - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық – құқықтық жүйесінде толығырақ таныса аласыздар.
«Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тұрғындарға жиі «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Биылғы жылы осы мемлекеттік қызметке өзгеріс енгізілді. Атап айқанда, бұрын бірінші кезеңде қызмет алушыдан өтініш және сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары)талап етілетін. Қазір міндетті түрде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындысы қажет. Оң қорытындыны алу үшін сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары) қажет, Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет, қалақұрылысы бөліміне қызмет алушы өтініш беру керек. Құрылыс, сәулет, қалақұрылысы бөлімі өтінішіңізге жауап ретінде оң қорытындыны ұсынады. Осы қорытындыны алынған соң ғана мемлекеттік қызметтің бірінші кезеңіне өтінішті ұсыну қажет. Егер де толық құжат ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Екінші кезеңде бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық болу қажет. Бекітілген жерге орналастыру жобасында барлық қолдар және мөрлер қойылған болу керек.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.