Байқоныс ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы есебі

Байқоныс ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушың 2020 жылғы 31 қаңтардағы            № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

1) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

3) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

4) «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату»;

5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

2023 жылдың 12 айында мемлекеттік мекеме барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар жоқ.

 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендтерінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған.

Мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңның 25-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұтқалары бар пандус және шақыру түймесі қарастырылған.

Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттау мақсатында Байқоныс ауылдық округінің тұрғындары арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды  бойынша түсіндіру  іс-шаралар өткізеді, жұмыста халық арасында таратылатын полиграфиялық материалдар (брошюралар) пайдаланылды (брошюралар тарату– 130 дана құрады).

Халыққа «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар және жұмыс істейді, бұрыш қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, кез келген азамат электрондық-цифрлық қолтаңба мен бір реттік парольдің көмегімен қызметті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ала алады, ол арқылы бақыланатын кезеңінде халық 193 мемлекеттік қызмет алды. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы Egov «электрондық үкімет» порталының электрондық мемлекеттік қызметтерін және оның сервистерін танымал ету, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту үшін халықты оқыту кезең-кезеңімен жүргізіледі. 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Ауданның жергілікті атқарушы орган қызметкерлерін Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы біліктілікті арттыру курстарына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалына жіберу тұрақты негізде жүзеге асырылады.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2023 жылдың 12 айдағы «Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау жүргізілді. Есепті жария талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынымдар берілді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Байқоныс ауылдық округі әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Аппарат маманы тұрақты негізде «Е-лицензиялау» АЖ мониторинг жүргізеді.

2023 жылдың 12 айында белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

  1. Көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағын орындау мақсатында 2023 жылдың 16-ші наурызда Тереңкөл ауданы Байқоныс ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау өткізілді.

Отырыстарда Байқоныс ауылдық округі әкімдері аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп тыңдалып, талқыланды.

Отырыстарға мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, көрсетілетін қызметті алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Жария талқылау қорытындысы бойынша барлық ақпарат назарға алынып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін тиісті ұсынымдар берілді.

2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

Мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
31 января 2024