«Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2023 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау туралы
ХАТТАМА
|
Байқоныс ауылы. |
|
2024 жыл 22 қаңтар
|
|
Өткізу уақыты: Өткізу орны:
|
|
15:00 сағат. «Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімшілік ғимараты. |
|
Төрағасы: |
|
Байқоныс ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Кусанов |
|
|
|
|
|
Қатысты: |
|
Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері, көрсетілетін қызметті алушылар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар. |
Күн тәртібі
Байқоныс ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Кусанов есепті жария талқылауды ашты, ол Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізетінін түсіндірді көрсетілетін қызметті берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы М.К. Жумажанова сөз сөйлеп, қатысушыларды 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен таныстырды.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы орган Байқоныс ауылдық округі әкімі аппараты атынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді.
Есепті жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген ережелеріне сәйкес қатаң түрде көрсетілетіні атап өтілді. 2023 жылы 12 айда 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде бұзушылық тіркелген жоқ.
Есепті жария талқылау соңында Байқоныс ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Кусанов қатысушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен сапасын арттыруға қатысты өздерінде бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сұрақпен жүгінді.
Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Есепті жария талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынылды:
Хатшы М. Жумажанова