
Әулиеағаш ауылдық округінде 2 ауылдық кітапхана, 2 ауылдық клуб, мектеп жанындағы 2 спорт залы бар, онда ауылдық округтің оқушылары мен жастары айналысады. Ауылдық клубтарда қызығушылық бойынша үйірмелер жұмыс істейді.Жыл сайын Әулиеағаш ауылдық округі жазғы және ұлттық спорт түрлері бойынша аудандық спартакиадаға қатысады.
Ауылдық округте 2 жаттығу залы бар, онда барлық тілек білдірушілер кестеге сәйкес барады.