
Павлодар облысының орманшылары маңызды мерекені атап өтуге шешім қабылдады. Олар зейнеткерлерге, мұқтаж адамдарға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектеседі. Бір апта ішінде алты орманшылық бес игі іс жасады.
Мысалы, Павлодарда орманшылар жалғызбасты әжесінің үйінің ауласында қар тазаласа, Мичурино ауылында зейнеткерге отын шаққан.
Чернорецк орманшылығының орманшылары Пресное ауылының ақсақалалына отын жеткізіп берсе, Черное, Көктөбе, Жаңа Ауыл, Ямышев орманшылығының орманшылары да қарт адамдарға отын жеткізіп берді.
Ал орманшы: Қ.Қ. Мұсабеков өз тракторымен Ефремовка ауылында тұратын зейнеткер үйінің ауласын қардан тазартып берді. Айтпақшы, ол 90 жастан асқан анасымен тұрады.
Көктөбе орманшылығының орманшылары көпбалалы отбасына шөппен көмектесті.
Игі істер ары қарай жалғасын табады.