Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2022 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы» Павлодар облысы мәслихатының шешімі жобасы (бұдан әрі - Жоба) дайындалды.
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес дайындалды.
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы бойынша ағымдағы жылға жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін орнату.
Жоба 2022 жылдың 27 қаңтарында бұқаралық ақпарат құралдары «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа Самалы» газеттерінде және Басқарманың интернет-ресурсында жарияланды.
Жоба 2022 жылғы 28 қаңтардан 11 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған сілтеме: (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13977762), сонымен қоса Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінен ұсыным хаты алынды.
Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейд