Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен «Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі «Павлодар облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» № 135/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі-Жоба) дайындалды.
Жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 2-06-52, 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 09-05/223 хаттамаларына сәйкес әзірленді.
Осы қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты қосымша коммуналдық және жеке жағажайларды қосу есебінен су объектілерінде жаппай демалыс орындарын ұлғайту жолымен су объектілерінде жазатайым оқиғаларды азайту болып табылады.
Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылғы 20 қарашада «Сарыарқа Самалы» және «Звезде Прииртышья» газеттерінде жарияланды және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.
Жоба 2021 жылдың 23 қарашасынан 14 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13234735), бұдан басқа Павлодар облысының облыстық Қоғамдық кеңесінің ұсынымы алынды.
Осы шешімді іске асыру қаржы талап етпейді.