Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» № 350/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі дайындалды.
Шешім «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді.
Шешім 2021 жылғы 2 қаңтардағы жаңа экологиялық кодекстің қолданысқа енгізілуіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген Қазақстан Республикасының Салық кодекіндегі өзгерістерге сәйкес келтіру қажеттілігіне байланысты қабылданды.
Аталған жоба 2021 жылдың 13 желтоқсаннан 2021 жылдың 29 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналасқан (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13778575). Бұдан басқа, Павлодар облысының Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар алу үшін жіберілді.
Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.