Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 89/4 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» облыс әкімдігінің қаулысын дайындады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2021 жылғы 2 қаңтардағы жаңа экологиялық кодекстің қолданысқа енгізілуіне және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің жаңа қағидаларын бекіту қажеттігіне байланысты қабылданды.
Осы шешімді іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.