Меню

Страницы

Статья

«Майкаинзолото» АҚ - "Қоршаған ортаға әсерді бағалау" (ҚОӘБ) жұмыс жобасына “Қазақстан Алюминийі” АҚ «Керегетас» кенішінің 110/6кВ БТҚС-дан «Алпыс» кенішіне дейін №19 фидерлі ӘЖ-6кВ электр беру желісін салу. №1 учаске №1 тіректен №67 тірекке дейінгі» бойынша ашық жиналыс форматында қоғамдық тыңдау

«Майкаинзолото» АҚ, ҚР Экологиялық кодексінің 73-4-бабының талаптарына сәйкес 2021 жылғы 16 қарашада сағат 11:00-де Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, Ә.Әбдіхалықов көшесі, 13Д құрылыс, мекенжайы бойынша «Майкаинзолото» АҚ акт залында "Қоршаған ортаға әсерді бағалау" (ҚОӘБ) жұмыс жобасына “Қазақстан Алюминийі” АҚ «Керегетас» кенішінің 110/6кВ БТҚС-дан «Алпыс» кенішіне дейін №19 фидерлі ӘЖ-6кВ электр беру желісін салу. №1 учаске №1 тіректен №67 тірекке дейінгі»  бойынша ашық жиналыс форматында қоғамдық тыңдау өтетіндігін хабарлайды.

Жобалық құжаттама пакетімен БЭП-да  (Бірыңғай экологиялық порталы) https://ecoportal.kz/ және ЖАО сайтының " Қоғамдық тыңдаулар" бөлімінде танысуға болады.

Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (қоғамдық тыңдауларды өткізу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын) енгізіледі.

Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде БЭП-да https://ecoportal.kz/ және "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ-де ҚР, Павлодар қаласы, Жеңіс Алаңы 17, 307 кабинет, тел: 8(7182) 329379 мекенжайы  бойынша қабылданады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, осы қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасында бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы онлайн режимінде өткізіледі. Белсенді сілтеме Бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО сайтында ұсынылады.

ҚОӘБ жобасының материалдары мен қоғамдық тыңдаулар туралы қосымша ақпаратты электрондық пошта eco_mayzoloto@mail.ru  және тел.: 8 (71840) 21568 арқылы  алуға болады.

Қоғамдық тыңдауға қатысты материалдар (жүктеу)

Хабарландырулардың фотосуреті (жүктеу)

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы 19.11.2021 (жүктеу)

(видео)

 

Дата публикации
01 октября 2021
Дата обновления
01 октября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
21 октября 2026
«Fonet Er-Tai AK MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Фонет Ер-Тай Эй Кей Майнинг) – Павлодар облысындағы «Сокуркудук» жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарына арналған «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі.
Хабарлама
21 октября 2026
«Fonet Er-Tai AK MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Фонет Ер-Тай Эй Кей Майнинг) – Павлодар облысындағы Маясалган жер қойнауы учаскесіне кіретін кен орындарының минералдық қорларын өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жоспарына арналған «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі.
Хабарлама
21 октября 2026
EuroOil ЖК – «Павлодар облысы, Шақат ауылында мал қорымын салу» жоспарланған қызмет туралы өтініш

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы